Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2020

Атыраудан 700-ге жуық жас әскерге аттанады

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында 700-ге жуық жастың әскерге атанатыны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атыраудан 700-ге жуық жас әскерге аттанады

"Әскерге шақырылушыларды әскери бөлімдерге жөнелту алдында міндетті түрде ПТР-тест әдісімен коронавирусқа қарсы зертханалық зерттеу жүргізіледі. Бөлімге келгеннен кейін жас сарбаздар екі апталық карантинге орналасады. Сондай-ақ медициналық тексеру жүргізіліп, әскерге шақырылушының әлеуметтік-психологиялық мәртебесі белгіленеді", дейді Атырау облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары-жасақтау басқармасының бастығы майор Айдос Аманғалиев.

Оның айтуынша, әскерге шақырылушыларды іріктеу мен бөлу барысында денсаулық жағдайы, бұған дейін алған мамандығы ескеріледі.

Әскерге аттанатындардың  бірі – Атырау қаласының тұрғыны Ерасыл Табылдиев. Ол биылғы колледж бітіріпті.

"Біздің әулеттегі азаматтардың бәрі әскер қатарында болған. Сондықтан, мен де әскерге баруға бала кезімнен дайындалған едім. Әскердегі бір жылда нағыз азамат ретінде шыңдалатыныма сенімдімін", дейді болашақ сарбаз Ерасыл Табылдиев.

 

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше