Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2020

Атырау полицейлері іздеудегі қылмыскерлерді ұстады

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жеті айда облыстық полиция департаментінің қызметкерлері іздеудегі 57 қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау полицейлері іздеудегі қылмыскерлерді ұстады

"Мәселен, наурыз-қыркүйек айларында қылмыс жасағаны үшін айыпталып, алдын ала тексеру, тергеу және сот органдарынан бой тасалап жүрген тұлғаларды іздестіру әрі ұстау, сондай-ақ, із-түссіз жоғалғандардың жүрген жерін анықтау мақсатында ТМД елдерінің аумағында "Іздестіру" бірлескен іс-шарасы өткізілді. Шара кезінде іздеуде жүрген 3 қылмыскердің Өзбекстан Республикасында, ал Ресей Федерациясы, Украина және Молдова Республикаларының аумағында бір-бір қылмыскердің бой тасалағаны  анықталды. Сонымен қатар  Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасының құқық қорғау органдарымен бірлескен шарада іздеудегі 7 қылмыскердің Атырау облысының аумағында жүргені белгілі болды", деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ атыраулық полицейлер хабар-ошарсыз кетуіне орай іздеу жарияланған 29 адамның 26-ның мекенжайын анықтады. Олар отбасына оралды.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше