
Жуырда Мамлют ауданындағы бір көлден осындай шаяндардың салмағы 1 тонна 347 кг болатын 33 қапшығы ауланған. Оны көлді жалға алған адам көріп, полицияға хабарлаған. Полиция шаян жинаушы төрт адамды ұстап, заңсыз істеріне шара қолдану үшін үстерінен іс қозғады. Енді табиғатқа кесел келтірушілердің жазасын сот анықтайтын болады.