Оқиға • 10 Қараша, 2020

Алматыдағы ірі сауда орталығында өрт шықты

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін таңертең Алматы қаласындағы ірі сауда орталықтарының бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыдағы ірі сауда орталығында өрт шықты

Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері күшейтілген құраммен сағат 06: 36-да оқиға орнына қарай шыққан.

"Келген кезде екінші қабаттан қатты түтін шығып жатқаны анықталды. Газ және түтіннен қорғау қызметі бөлімшелері барлау жұмыстары кезінде термопрокаттың көмегімен өрттің тауарлар мен материалдар орталығы бар қоймадан шыққаны анықталды", деп хабарлады ТЖД.

Өрт 07:21-де толығымен сөндірілген. Өрт басқа дүкендерге жайылып үлгермеген.

"Ғимаратта автоматты түрде өрт сөндіру және түтін шығару жүйесі іске қосылды, бұл өрттің таралуын шектеуге мүмкіндік берді. Зардап шеккендер жоқ", деп қорытындылады департамент өкілдері.

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025