Оқиға • Бүгін, 15:28

Ұшақтағы тосын жағдай: Дәрігер жүкті әйелге әуеде көмек көрсетті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 наурыз күні Астанадан Оралға бет алған Fly Arystan әуе рейсінде тосын оқиға болды. Ұшақта жүкті әйелдің толғағы басталып, суы кеткен. Сол сәтте ұшақ бортында Орал қалалық көпсалалы аурухана дәрігері, хирург Таубай Байжекенов те болған. Тосын оқиғаға байланысты ұшақ Астана әуежайына қайта жетем дегенше дәрігер жүкті әйелге медициналық көмек көрсеткен, деп жазады Egemen.kz.

Ұшақтағы тосын жағдай: Дәрігер жүкті әйелге әуеде көмек көрсетті

Фото: ans.kz

Ұшақ елорда әуежайына қонғанда, әйел дереу перзентханаға жеткізіліп, ұл баланы дүниеге әкелген. 

Қазақстандық әуе компаниясы Дубайға рейстерді 19 сәуірге дейін тоқтатты

Оқиға туралы Таубай Байжекенов Treads парақшасында баяндады. 

«Астана – Орал рейсінде күтпеген жағдайға тап болдым. Жүктіліктің 27-ші аптасындағы әйелдің мерзімінен бұрын босану процесі басталды. Әйелден су кетіп, оған жедел алғашқы медициналық көмек көрсетуге тура келді. Дәрігер ретінде мұндай сәттерде сабырлы болу және барлық білім мен тәжірибені дұрыс қолдану өте маңызды. Барлығы сәтті аяқталып, өмірге ұл келді. Мұндай жағдайлар менің мамандығымның қаншалықты жауапты және маңызды екенін тағы бір мәрте еске салады», деп жазды ол.

Мереке қарсаңында отандық әуе компаниялар рейстер санын көбейтті

Кейіннен Fly Arystan әуе компаниясының борт қызметкерлері дәрігерге алғыс хат тапсырған.

Сондай-ақ әуе компаниясы түнгі 23:25-те Оралға жетуі тиіс ұшақ 3-те қала әуежайына қонғанын хабарлады. 

Соңғы жаңалықтар