Қоғам • Бүгін, 15:42

Көлік жүргізу құқығынан айырылғандар рақымшылыққа іліге ме?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда алғаш рет жоспарланып отырған әкімшілік амнистияға көлік жүргізу құқығынан айыру мәселесі ілігуі мүмкін. Бұл тақырып бүгін Сенат отырысында депутаттар арасында кеңінен сөз болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көлік жүргізу құқығынан айырылғандар рақымшылыққа іліге ме?

Фото: Ашық дереккөз

Сенаторлардың пікірінше, көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілердің амнистияға ілігу мүмкіндігі бар. Дегенмен кейбіреулері бұған қарсы. Мәселен, Сенат депутаты Марат Қожаев бұл идеяны қолдамайтынын атап өтті.

«Мүмкін, білмеймін. Бұл талқыланып жатқан тақырып. Мен жеке бұл жағдайды қолдамаймын, ондай бастама көтермеймін. Бірақ Парламентте шешім көбіне дауыс беру арқылы қабылданады», деді ол.

Елімізде жаңа автокөліктердің сатылымы артты

Президенттің соңғы мәлімдемесіне сәйкес, ел тарихында бірінші рет әкімшілік амнистия осы жылы өтуі тиіс. Дегенмен ІІМ әзірге егжей-тегжейлі ақпарат бермей отыр. Полиция мен Бас прокуратураға кімнің амнистияға ілігетінін анықтау үшін 2 апта уақыт берілген, ал соңғы шешімді Парламент қабылдайды.

Сенатор Марат Қожаевтың айтуынша, қазіргі уақытта бұл тақырып бойынша пікір айту әлі ерте, себебі ерте жарияланған ақпарат қате үміттер мен жаңсақ түсініктер тудыруы мүмкін.

Автокөліктер азаюы қажет: Экологтар алматылықтарға үндеу жасады

Соңғы жаңалықтар