Медицина • 10 Қараша, 2020

1 млн теңге алатын дәрігерлер кімдер:"СК-Фармация" басшысы жауап берді

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Қазақстанда дәрігерлердің орташа жалақысы 258 708 теңге екенін айтқан еді. Ал бүгін "СК-Фармация" ЖШС басшысы миллион теңге жалақы алатын дәрігерлер туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz

1 млн теңге алатын дәрігерлер кімдер:"СК-Фармация" басшысы жауап берді

Ерхат Есқалиев бұл мәселе оның құзыретінде емес екенін мәлімдеді, бірақ таяуда БАҚ-та дәрігерлердің жалақысы барлық шегерімді ескере отырып, бір миллион теңгеге жететіні айтылған деді.

Алайда журналистер одан тағы да "қазақстандық дәрігерлердің жалақысы миллион теңге ме?" деп сұрады.

"Бұл мәселе менің құзыретімде емес екенін тағы да айтқым келеді. Бірақ үстеме ақыны қоса есептегенде, осындай жалақы алатын дәрігерлер бар. Бұл туралы БАҚ-та айтылды", деді "СК-Фармация" басшысы.

Айта кетейік, "СК-Фармация" басшысы Ерхат Есқалиевтің өзі - 1 миллион 300 мың теңге жалақы алады. Ал компания басшысының орынбасары 900 мың теңге алады.

 

Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025