Оқиға • Бүгін, 16:21

«Жезқазған – Петропавл» тасжолында екі адам көз жұмды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жезқазған – Петропавл» тасжолында екі адам жол апатынан көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы бойынша полиция департаменті тергеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz

«Жезқазған – Петропавл» тасжолында екі адам көз жұмды

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 7 ақпанда болған. Shacman маркалы жүк көлігі мен Toyota Camry жеңіл автокөлігі соқтығысқан. Апат салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.

Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Астанада Сарайшық көпірінде жол апаты болып, екі адам қаза тапты

Полиция департаменті жолдағы қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, жол жағдайын ескеру және көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылау қажет екенін еске салды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласында жаппай жол-көлік апаты болып, салдарынан автокөлік жүргізушісі рөлде отырып көз жұмған. 

Соңғы жаңалықтар