Аймақтар • 11 Қараша, 2020

Қызылордада жоғалған қыз Өскеменге қашып кеткен

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордалық полицейлер жоғалған кәмелетке толмаған жасөспірімді пойыздан тапты, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды. 

Қызылордада жоғалған қыз Өскеменге қашып кеткен

7 қараша күні сағат 19:00-де Қызылорда қаласының Полиция басқармасына қала тұрғыны  хабарласып, 2005 жылы туған қызының туыстарына барып, әрі қарай туыстарының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмағандығы туралы арызданған.

Жоғалған қызды іздестіру үшін учаскелік полиция инспекторлары мен криминалдық полиция қызметкерлерінен мобильді топ құрылды, сондай-ақ полицияның қосымша күштері тартылды.

Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 7 қараша күні кәмелетке толмаған бойжеткеннің Өскемен бағытындағы пойызда екені анықталды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында қыздың ата-анасына ескертпей, пойызбен Өскемен қаласына барып, досымен кездеспек болғаны белгілі болды.

Қазір жасөспірімнің ата-анасы қызын қайтару үшін Өскемен қаласына аттанды.


Соңғы жаңалықтар

Ел рухын асқақтатқан Ерқожа

Ата заң • 22 Тамыз, 2025

Алматыда Human Capital форумы өтті

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Шымкентте жаңа саябақ ашылды

Аймақтар • 22 Тамыз, 2025

Нарциссизм эпидемиясы

Қоғам • 22 Тамыз, 2025

Екі елдің ықпалдастығы жанданады

Президент • 22 Тамыз, 2025