Экология • 18 Қараша, 2020

Табиғатқа залал келтірушілер көбейген

422 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жа­нуарлар дүниесі аумақтық инс­пекциясының қызметкерлері соң­­ғы аптада бірнеше заңбұзу­шы­­лықты анықтаған.

Табиғатқа залал келтірушілер көбейген

13 қарашада «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Тау-Дала филиалының Жарма орманшылығының аума­ғында жер қазу және қопару ар­қылы алтын өндіру жұмыстары жүр­гізілгені анықталды. Жер қой­науын пайдаланушы­лар Был­қылдақ өзенінің жаға­ла­уын­да өзен ағысымен 50-100 м қа­шық­тықта, яғни тікелей ерек­ше қорғалатын табиғи аумақ­тар­да және оның қорғау айма­ғында топырақтарды қазып алу жұмыстарын жүргізген. Аза­­мат­тардың бұл әрекеті орман және ерекше қорғалатын та­би­ғи аумақтар саласындағы заң­на­­маларды бұзған болып есеп­теледі.

Жер қазып, олжа таппақ бол­ған күдіктілер топырақтың жо­ғары құнарлы қабатымен төменгі қабатын араластырып жіберген. Нәтижесінде, топырақтың құ­нарлы қабаты, онда өсіп тұрған шөптесін және бұта өсімдіктері толығымен жойылған. Маман­дардың бағалауынша, табиғатқа келтірілген залалдың жалпы сомасы 2,6 млрд-тан аса теңгені құрады.

Сонымен қатар Ұлан ауда­нын­да заңсыз ағаш кесудің екі фактісі анықталған. Рейдтік ша­ра барысында Өскемен – Се­мей республикалық күре жолы­ның Украинка ауылының бұ­ры­лысынан Саратов елді мекеніне дейінгі 14-21 шақырымдардағы терек, қарағаш және үйеңкі ағаш­тарының томарлары, кесілген бұтақтар, ағаш дайындаған іздер анықталған. Алайда аталған учаскелерде 2019-2020 жыл­да­ры ағаш кесуге рұқсат беріл­ме­ген. Табиғатқа зиян келтірген кү­­дік­тілер 336 ағаш кесіп үлгер­ген. Оның ішінде 232 терек, 79 қара­ағаш, 25 үйеңкі жойылып кет­кен. Есеп-қисап бойынша кел­тіріл­­ген шығын – 314 мың 103 теңге. Екін­ші факті де Ұлан ауданы­ның әкім­шілік аумағында, Сібе өзе­нінің жағасында анықталған. Бұл жерде заңсыз кесілген 19 дана терек ағашы және томар табылды.

Бұдан өзге ағаш кесу фактісі Алтай ауданының «Зырян орман шаруашылығы» КММ ­Оси­­новское орманшылығының аума­­ғында орын алған. Алтай ауданының резервтік қорында ор­на­ласқан «Белая гора» аң­шы­­лық шаруашылығының аума­ғ­ын­да аң аулау ережесі де бұ­зыл­ған. Заңсыз аң аулаған азамат тез арада анықталып, әкімшілік жауап­кершілікке тартылды.

Аталған басқа фактілер бо­йынша толтырылған материал­дардың барлығы іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына бе­рілді. Ал табиғат жанашыр­лары тұрғындарды орман шаруа­шы­лығы және жануарлар дүниесі саласындағы заң талаптарын сақтауға, сондай-ақ қандай да бір жұмыстарды жүргізбес бұрын, оның заңдылығына көз жеткізіп алуға шақырады.

 

Шығыс Қазақстан облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15