Оқиға • 14 Желтоқсан, 2020

Қазығұртқа барды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ауыл» партиясының өкілдері Түркістан облысы Қазығұрт тауының етегіндегі «Кеме қалған» алаңында іш-шара өткізді.

Қазығұртқа барды

Іс-шараға партия өкілдері: Т.Рахимбеков, Қ.Айтуғанов, Б.Төлеген, З.Әліп­беков, Д.Кәпұлы, К.Аралбекова, Н.Арсютин, А.Сатыбалдин, Д.Қуатов және Б.Қыстауов қатысты.

«Ауыл» партиясының төр­­ағасы Әли Бектаев, сондай-ақ партия мүшелері Қар­лығаш Аралбекова, ақын Дәулет­керей Кәпұлы құттық­тау сөз сөйледі.

«Аңыз бойынша адамзатты су тасқынынан құтқарған Нұх кемесі осы жерге тоқтады. Адамзат баласының өсіп-өнуі дәл осы жерден бастау алады. Сондықтан қасиетті Қазығұрт жерін жаңғыру және жаңару мекені деп атауға болады.

«Атқа қону» ұғымы халқы­мыздың мүдделерін қорғау үшін күш жұмылдыруды білдіреді. Атқа қонғандар жақсылықтың жаршысы, партияның жоспар­лары мен ұсыныстарының хабар­шысы болады», деп атап өтті Ә.Бектаев.

Ақсақалдардың атынан мемлекет және қоғам қайраткері, «Ауыл» партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының басшысы Исмат Тұрсынқұлұлы тілек білдірді.

 

Түркістан облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Елден кіндігін үзбеген…

Қоғам • Бүгін, 12:12