 
                                        2021 жылдың 7-сі мен 12 қаңтары аралығында халықаралық байқаушлылар тобы Нұр-Сұлтан қаласы мен Қазақстанның басқа аймақтарындағы сайлау процесімен танысатын болады. Онлайн кездесулер барысында коронавирус инфекциясының сайлау науқаны кезінде таралуына қарсы іс-қимыл шараларын талқылауға ерекше назар аударылып отыр.
Сонымен қатар, қатысушылар үгіт-насихат шараларын өткізу және партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануына тең қол жетімділігі, қашықтан дауыс беру нысандарын енгізу мүмкіндіктерін талқылады.
 
                             
                                 
                             
                                             
             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                