 
                                        «Тексеру кезінде бұл көлікті 16 жастағы жасөспірім жүргізгені анықталды. Жасөспірімге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 590-бабының 4-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылды. Іс құжаттары сотқа жолданып, автокөлік айып тұрағына қойылды» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ жасөспірімге аталған Кодекстің 612-бабының 4-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, 29 170 теңге көлемінде айыппұл салынды. Оның ата-анасына Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 442-бабының 2-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.
 
                             
                                 
                             
                                             
             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                