Аймақтар • 10 Қаңтар, 2021

Қостанай қаласының тұрғыны екі рет дауыс берген

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қаласының тұрғыны өзі тіркелмеген сайлау учаскесінен дауыс берген. Владимир Крикун есімді азамат бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазды. Ол басқа учаскеден екінші рет таңдау жасаған. Артынша қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Малашко заңсыздыққа жол берген комиссия мүшелеріне қандай        шара қолданылғаны туралы түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанай қаласының тұрғыны екі рет дауыс берген

«Біз аталмыш материал бойынша тексеріс жүргіздік. Барлық деректер зерттелді. Сайлау туралы конституциялық заңға сәйкес, қалалық сайлау комиссиясының шешімімен сол учаскеге тіркелмеген сайлаушыға бюллетен берген учаскелік комиссия мүшелері науқан жұмысынан шеттетілді. Сайлау бітіп, жәшік ашылғаннан кейін дауыс санау кезінде айыпкердің бюллетені есепке қосылмайды», деді А.Малашко. Осылайша, В.Крикунның парламент мәжілісі, облыстық және қалалық мәслихат үшін берген үш даусы есептелмейтін болды.

 

Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше