Іс-шараның салтанатты ашылуын Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі Б. М. Оспанов жүргізді. Ол өз сөзінде ұлттық құндылықтарды сақтау, қоғамдағы татулық пен келісімді нығайту – ел дамуының басты негізі екенін атап өтті.
Жиында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы қаласы тоғызқұмалақ федерациясының президенті Р. К. Қалиоллаев және «Ауған орталығы «Ариана» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Д. Мохаммад құттықтау сөз сөйлеп, халықтар арасындағы бірлік пен өзара құрметтің маңызын ерекше жеткізді.
Ақтүтек боран кезінде адамдарды құтқарған мұғалім төсбелгімен марапатталды
Іс-шараға Алмалы ауданы әкімінің орынбасары мен Мәжіліс депутаты да қатысып, медицина саласының қызметкерлеріне жүрекжарды лебіздерін білдірді. Олар адам өмірі мен денсаулығын сақтаудағы дәрігерлердің еңбегі ерекше құрметке лайық екенін атап өтті.
Кездесу барысында дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды. Бұл – олардың кәсібилігі мен жанқиярлық еңбегіне көрсетілген шынайы құрметтің белгісі.
Наурыз – жаңару мен ізгіліктің, бірлік пен мейірімнің мерекесі. Осындай тағылымды іс-шаралар қоғамдағы өзара түсіністік пен сыйластықты арттыра түсетіні сөзсіз.