Аймақтар • 12 Қаңтар, 2021

Түркістан облысында COVID-19 расталған 117 жағдай тіркелген

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы бойынша жыл басынан бері, яғни 1-12 қаңтар аралығында COVID-19 расталған 117 жағдай тіркеліп отыр. Оның ішінде симптомдармен – 27,  симптомсыз 90 жағдай тіркеліп, пневмония  ауруымен 57 науқас анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістан облысында COVID-19 расталған 117 жағдай тіркелген

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов эпидемияға қарсы атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталып, науқастар бойынша анықталған 59 ошақта  дезинфекциялық жұмыстар жүргізілгенін айтты.

«Ошақтардағы  қарым-қатынастағылар саны - 313. Сонымен қатар, мобильді топтармен  жүргізілген мониторингтік жұмыстарының нәтижесі бойынша 1-12 қаңтар аралығында 2 254  нысан қамтылып, 171 айыппұл салынды. Оның ішінде ҚР ӘҚБ Кодексінің 425 бабының 1 тармағымен 168 жеке тұлғаға - 30 АЕК көлемінде (7 350 840 тг), 3 жеке кәсіпкерге - 230 АЕК ( 1 006 365 тг) көлемінде айыппұлдар  салынды»,  деді Нұрбек Садықбекұлы. 

Сондай-ақ, брифингке қатысқан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары  Нұрхан Нарымбетова облыс бойынша 610 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылғанын айтты.  

«Бүгінгі таңға, инфекциялық төсек-орындар санының жүктемесі – 18,2%. Карантиндік төсек-орынның жүктемесі - 10% (33 адам).  Коронавирустық инфекцияның түрлі сценарийіне байланысты инфекциялық төсек-орындар санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар», деді басқарма басшысының орынбасары. 

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10