Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021

Қостанайда жол апатынан екі адам қаза тапты

840 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қостанай – Әулиекөл» бағытындағы күре жолдың бойында жол апатынан екі адам көз жұмды. Қайғылы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанайда жол апатынан екі адам қаза тапты

10 ақпан күні сағат 19:40-та «Hyundai Solaris» автокөлігімен келе жатқан 42 жастағы жүргізуші қарсы келіп қалған Ауди-100 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

«Нәтижесінде  «Hyundai» көлігінің жүргізушісі жарақат алып, жанында отырған 46 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ал «Ауди» көлігінде отырған ерлі-зайыптылар ауыр жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді. Өкінішке қарай, 27 жастағы жүргізуші ауруханада көз жұмды. Марқұмның жұбайы ауыр қалде жатыр. Жол апаты көктайғақта және қарлы бораннан кейін көтерілген тұманда орын алды»,  деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті.     

Полиция жүргізушілерге жылдамдық режімін сақтауды және қолайсыз ауа райы жағдайында жолға шықпауды кеңес етеді.


Қостанай облысы

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше