Аймақтар • 19 Қаңтар, 2021

Түркістан облысында 5 адам қар құрсауынан құтқарылған

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде Түркістан облысында күн жылы, таулы аудандарда ғана «қыстың сәнін» келтіріп қар жатыр. Ал қыс басталғалы бері жалпы 7 республикалық, облыстық маңыздағы автомобиль жолдарының жабылу оқиғалары орын алып, авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 21 техника жұмылдырылған. Қар құрсауынан 5 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге жеткізілген, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістан облысында 5 адам қар құрсауынан құтқарылған

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осындай деректер келтірген  Түркістан облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Талғат Досалиев барлық жолдар бақылауға алынғанын мәлімдеді.

«Өңірде республикалық және облыстық жолдардағы асулардағы 11 жылыту бекеттері төсек-орын, электр қозғалтқыштары және көмір-отындарымен қамтамасыз етілген. Жолдарды қардан тазалауға тұз себу, құм шашу жұмыстарына жалпы 550-ге жуық адам және 178 техника тартылған. Сондай-ақ 1400 дана «Тайғақ жол» белгілері орнатылған», деді Талғат Серікұлы.

75

Облыс аумағындағы 40 су қоймасының үшеуіне (Ақсүмбе, Бақырлы, Ащы) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Көктемгі мезгілде су тасқынын болдырмау, алдын алу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Сырдария өзеніне және қауіпті учаскелерге жер үсті, әуеден шолу бойынша күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10