
Қостанай облысында 222 тракторға және 56 комбайнға квота бөлінген. Облыс тұрғындары ескірген ауылшаруашылық техникасын жеңілдік сертификатына айырбастап, оны отандық көлік немесе ауылшаруашылық техникасын сатып алу барысында пайдалана алады. Сертификаттың құны жоюға жіберілеген көлік түріне байланысты 560 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейін барады. Сертификаттардың жарамдылық мерзімі - 1 жыл. Мұның сыртында, екі сертификатты біріктіруге немесе басқа адамға тіркеуге мүмкіндік бар.