 
                                        Облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мерей Жантөреевтің айтуынша, Атырау қаласындағы «Береке» шағын ауданында 9 көп қабатты тұрғын үй салынып жатыр. Бұл үйлер көктемде пайдалануға тапсырылады.
«Тұрғын үйлердің жалпы алаңы 47 530 шаршы метрді құрайды. Қазір «Запад строй ЕРС» ЖШС тұрғын үйлердің құрылысын мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыруда» дейді Мерей Жантөреев.
Оның мәлім етуінше, «Запад строй ЕРС» ЖШС келісішартқа сәйкес көп қабатты үйлердің биылғы маусымға дейін аяқтайды. Содан кейінгі 5 жылда тұрғын үйлерге қызмет көрсету міндеттемесі бар.
 
                             
                                 
                             
                                             
             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                