Аймақтар • 20 Қаңтар, 2021

Мақтааралдық диқандар егістік жұмыстарын қаңтарда бастады

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында ерте өнім беретін қырыққабат дақылы 10 гектардан астам жерге отырғызылған. Қаңтардың жауын-шашынына қарамастан "Сабыр" шаруа қожалығы иелігіндегі 12,2 гектар жердің 3 гектарына қырыққабат егуде. Алқапта 60 адамнан құралған бригада жұмыс істеуде.

Мақтааралдық диқандар егістік жұмыстарын қаңтарда бастады

«Жұмысшыларға күніне 3200 теңгеден еңбек ақысын төлеудеміз. Қырыққабаттың еврейлер ойлап тапқан «валикор» атты сортын тамшылатып суару технологиясымен егіп жатырмыз. Негізінен 2 айдың көлемінде еккен егініміз пісіп жетіледі. Егілген көшеттің үстін жапқышпен жауып, жауын-шашыннан қорғаймыз. Ең бастысы – күтіп-баптауға үлкен мән берілуі керек»,  деді қожалық басшысы Ш.Кушербаев.

Ерте пісетін қырыққабат өніміне еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс өте жоғары. Қырыққабат дақылы ерте пісетіндіктен, мақтааралдық диқандар оның соңынан қауын-қарбыз, мақта сияқты дақылдарды егуге кіріседі. Осылайша жер емген шаруалар жылына екі рет, тіпті үш рет өнім алады. 

Айта кетелік, биыл ауданда 1342 гектар алқапқа көкөніс егілетін болса, соның 500 гектардан астамына қырыққабат егу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10

Ауыл балаларының қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Бар ізгілік – білімде

Қоғам • Бүгін, 09:40

Сөзге салынған шынжыр кісен

Әдебиет • Бүгін, 09:35

Жүрек тулатқан жырлар

Руханият • Бүгін, 09:30