
Тайванның Формоз жағалауында H-6K сегіз бомбардирі мен J-16 жойғыш ұшағы пайда болған. Елдің әскерилері шетелдік ұшақтарға ескерту жасап, шабуылдарды бақылау үшін зымырандар орналастырған.
Айта кетейік Бейжің Тайван өзінің территориясы деп санайды. Осыған байланысты Қытайдың әскери-әуе күштері бірнеше рет аралдың оңтүстік бөлігі мен Оңтүстік Қытай теңізіндегі Пратас аралдары арасында жиі рейстер жасаған.
«Жауынгерлік ұшақтар әуеге көтерілді, біз радио ескертулер жасап, бақылау үшін зениттік-зымыран жүйелерін орналастырдық», делінген хабарламада.
Қытай бұл жағдайға байланысты әлі түсініктеме берген жоқ. Десе де бұған дейін Бейжің елдің егемендігі мен қауіпсіздігін қорғау үшін жаттығулар өткізіп жатқанын хабарлаған болатын.