Технология • 27 Қаңтар, 2021

Жаңа Lada Niva көлігі құрастырылуы мүмкін

450 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желіде 2024 жылы жарық көретін жаңа Lada Niva туралы ақпарат тарады. «Авторевю» басылымының дерегіне сүйенсек, кроссовер АВТОВАЗ бен француз-жапон альянсы технологияларының гибриді болады, деп хабарлайды Egemen.kz  kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа Lada Niva көлігі құрастырылуы мүмкін

«Ниваның» CMF-B платформасын иеленетіні белгілі. Жол талғамайтын көліктің ұзындығы 4.3 метрден сәл асады, ал дөңгелек базасының көлемі — 2.6 метр. Автокөлік 240 миллиметрлік клиренспен де ұсынылады.

Капот астына альянстың 1.3 литрлік турбомоторы мен Ресейде жасалатын 1.8 литрлік атмосфералы мотор орнатылады. Екінші қозғалтқыш 6 сатылы механикамен не вариатормен жұмыс істейді. Ал бірінші агрегат үшін тек сатысыз қорап қолжетімді.

Lada Niva-ның алдыңғы жетекті түрленімі болмайды, бірақ толық жетекті екі нұсқа ұсынылады. Қарапайым көлікте артқы осьті электромагнитті муфтамен қосу жоспарланып отыр. Жол талғамайтын нұсқасы үшін шеберлер екі борттық фрикционды пакеті бар редуктор әзірлеуде.

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025