
2021 жылдың қаңтар айында Қарағанды облысында облыс аумағында тиісті рұқсат құжаттарынсыз темір кенін өндіру дерегінің жолы кесілді, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі. Хабарламада 2016-2017 жылдар аралығында облыстағы коммерциялық кәсіпорындардың бірі 128 тоннадан астам темір кенін өндіріп, үлестес компания арқылы ҚХР-на өткізгені айтылған. ҚР Қаржылық мониторинг комитеті аталған дерек бойынша ҚР ҚК 214-бабының 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісін бастады.