Аймақтар • 08 Ақпан, 2021

Жантүршігерлік оқиға: Алматы орталығында автокөлік аударылып, жолаушы зардап шекті

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Розыбакиев көшесінде көлік аударылып, салдарынан көлік жолаушысы зардап шекті. Апат салдарынан қатты кептеліс пайда болды. Оқиға орнынан түсірілген видео желіде тарады, деп хабарлайды Egemen.kz

Жантүршігерлік оқиға: Алматы орталығында автокөлік аударылып, жолаушы зардап шекті

«Розыбакиев-Левитан көшелерінің қиылысында көлік аударылып, қатты кептеліс болды. Бағыттарыңызды алдын ала жоспарлаңыздар» делінген хабарламада.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі апат 8 ақпанда болғанын айтты. «Lifan» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Розыбакиев көшесінің бойымен оңтүстік бағытта, Левитан көшесінің қиылысында сол жақ бұрылысты жасап, Розыбакиев көшесінің бойымен солтүстік бағытта келе жатқан «Volkswagen Transporter» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Осы жол апаты салдарынан «Lifan» көлігі аударылып, аталған көлік құралының жолаушысы зардап шекті.

«Аталған факті ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», дейді Алматы қаласы ЖКО анықтау басқармасының бастығы, полиция майоры Олжас Шәріпов.

 

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше