Қазақстан • 09 Ақпан, 2021

Елімізде кедендік төлем түсімі азайған

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өткен жыл  мемлекеттік бюджет кірісі үшін оң сальдомен жабылғанын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде кедендік төлем түсімі азайған

«Былтыр мемлекеттік бюджет кірісі бойынша жоспар 2,7, республикалық бюджет 0,3 және жергілікті бюджет 8,1%-ға артық орындалды. Пандемияға қарамастан, мемлекеттік бюджеттің кірісі іс жүзінде 2019 жылғы деңгейде қалды деп айтуға болады», деді ол.

Министрдің мәлімдеуінше, корпоративтік табыс салығы – 3,5, Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары бойынша қосылған құн салығы – 1,8, еңбекақы төлеу қорының салығы – 5,3%-ға ұлғайды. 

«Негізгі кедендік төлемдер бойынша түсім төмендеді. Бұл сыртқы және ішкі экономикалық ахуалға тікелей байланысты болды», деді Ерұлан Жамаубаев. 

Оның айтуынша, мұнай және металл бағасының төмендеуі есебінен тау-кен өнеркәсібіндегі түсімдер 43 және ғылым мен техникалық сектордың  түсімі 29%-ға төмендеді. 


Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше