Қазақстан • 10 Ақпан, 2021

Қазақстанда қашан маскасыз жүруге болады

2334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Қазақстанда қашаннан бастап медициналық маскасыз жүруге болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда қашан маскасыз жүруге болады

«Қазіргі кезде елімізде ресейлік «Спутник V» вакциянасын егу жүріп жатыр. Алдағы уақытта қазақстандық вакцина болады. Отандық вакцина клиникалық зерттеулерден өтіп жатыр», деді вице-министр тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар А. Ғиният қазіргі уақытта Pfizer вакцинасын Қазақстанға алып келу туралы нақты келіссөздер жүргізілмегенін жеткізді. Вице-министр вакцина қойылған жағдайда маскасыз жүру мүмкіндігі туралы қойылған сұраққа жауап берді.

«Халықтың ортасында ұжымдық иммунитет қалыптаспай, халықтың 60 пайыздан астамы вакциналаудан өтпей, масканы шешуге болмайды. Ұжымдық иммунитет қалыптасқаннан кейін ғана маскасыз жүруге болады», деді Ажар Ғиният.



Соңғы жаңалықтар

Наурызнама: Бүгін – Жаңару күні

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Мемлекетшіл жұмыс жалғасады

Саясат • Бүгін, 08:55

Елді еңселендіретін қадам

Пікір • Бүгін, 08:50

Жасампаздық бастауы

Пікір • Бүгін, 08:38

Қоғам өміріндегі өзгеріс

Пікір • Бүгін, 08:33

Дәтке қуат жасанды бүйрек

Медицина • Бүгін, 08:30