Аймақтар • 11 Ақпан, 2021

Риддерде қар басып қалған туристің өліміне қатысты тергеу комиссиясы құрылды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында Үлбі өзенінің маңайындағы Сержиха тауында қар көшкіні басып қалған туристің өлімін тергеу үшін комиссия құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Риддерде қар басып қалған туристің өліміне қатысты тергеу комиссиясы құрылды

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 турист шаңғы тебу үшін Риддерге Өскеменнен келген. Таудан сырғанап жүргенде кенет көшкін жүріп, олардың бірін басып қалды.

Дереу көмекке ТЖД жедел құтқару жасағының құтқарушылар тобы Еврокоптер-145 тікұшағымен шықты. Құрамында 5 адам бар екінші топ жол талғамайтын көлікпен Өскеменнен жол тартқан. Оған қоса Риддер қаласынан құтқарушылар мен 4 волонтер жұмылдырылды. Алайда тікұшақ күннің бұлтты болуы мен ақтүтек боранға байланысты қонуға мәжбүр болған. Осы уақытта саяхатшылар байланысқа шығып қар астында қалған 1979 жылғы ер адамның денесін тапқандарын айтты.

Саяхатшылар тұрған орындарының нақты координаттарын беріп, ол жерге құтқарушылар мен волонтерлар қарда жүретін техникамен жетті.

«11 ақпанда 8 волонтер, 2 құтқарушы және 1 криминалдық полиция қызметкерінен тұратын топ қаза болған адамның денесін түсіру үшін тауға кетті. Қалың қар мен биік тауды еңсерген олар 35 шақырымды артқа тастаған. Сағат 15:10-да марқұмның денесі түсірілді. Туристтің өлімін тергеу үшін комиссия құрылған», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте құтқарушылар өңір тұрғындарына қар көшкіні қаупі жоғары таулы аймақтарға бармауға кеңес береді.



Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25