Әлем • 12 Ақпан, 2021

Вашингтонда дипломатиялық қатынастар орнауының 30 жылдығына арналған шаралар басталды

394 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Джордж Вашингтон Университетінің Орталық Азия бағдарламасының қолдауымен Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай виртуалды дөңгелек үстел өтті.

Вашингтонда дипломатиялық қатынастар орнауының 30 жылдығына арналған шаралар басталды

Өздеріңізге мәлім, 2021 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы шешімдерінің бірі – Семей ядролық полигонын жабу және әлемдегі төртінші ядролық арсеналды жою, бұл егемен Қазақстан тарихында жаңа парақты ашты.

Соңғы жылдарда қазақстан-американдық өзара іс-қимыл инвестициялық және сауда-экономикалық байланыстарды, саяси саладағы және аймақтық және жаһандық қауіпсіздік бойынша тығыз ынтымақтастықты дамыту үшін берік негіз құрды.

Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Ержан Қазыханов алғы сөзінде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары серпінін және саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың басым бағыттарын атап өтті.

Виртуалды талқылаудың спикерлері ретінде Қазақстан мен АҚШ-тың бұрынғы Елшілері сөз сөйлеп, өткен жылдардағы екіжақты қатынастардың басты жетістіктері туралы айтты.

1996-2000 жылдары болған Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісі Болат Нұрғалиев және 2004-2008 жылдар аралығындағы Қазақстандағы американдық дипломатиялық миссияның жетекшісі Джон Ордвей екі елдің арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің одан әрі тереңдеуін құптады.

Өз сөзінде АҚШ-тың Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Эндрю Вебер ядролық қауіпсіздік мәселелері бойынша Қазақстанмен ынтымақтастық туралы пікірімен бөлісіп, Қазақстанның жаһандық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы маңызды рөлін атап өтті.

Белсенді пікірталастың соңында қатысушылар мен модератор – Атлантикалық кеңестің Еуразиялық орталығының директоры Джон Хербст – қарым-қатынастың барлық спектрі бойынша екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екендігінде тоқталып, Джо Байденнің жаңа Әкімшілігінің екі ел арасындағы серіктестікті тереңдету жолындағы маңызды қадамы ретінде АҚШ президентінің Қазақстанға тарихтағы бірінші сапары болуы керек екендігін айтты.

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025