Қоғам • 12 Ақпан, 2021

Хирургиялық отаның барлық түрін жетік меңгерген маман

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Онкологиялық, педиатриялық, урологиялық, практологиялық, травматологиялық сынды жалпы хирургиялық отаның барлық түрін меңгеру – дәрігер үшін үлкен кәсіби жетістік. Дәл осындай операцияның барлық түрін жетік меңгерген білікті маманның бірі – Ибрагим Ташев.

Хирургиялық отаның барлық түрін жетік меңгерген маман

Ибрагим Ақжолұлы медицина ғылымдарының докторы, профессор,  жоғары санатты хирург, онколог, балалар хирургі. «Қазақстан Республикасы денсаулық ісінің үздігі», «Алтын дәрігер», «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері.

жд

Кәсібіне адалдық танытқан абзал жан 36 жылдан бері  адам денсаулығының сақшысы қызметін абыроймен атқарып жүр. И. Ташев 2018 жылдың шілде айынан бері қалалық денсаулық сақтау басқармасының №3-ші қалалық аурухананың басшылығына келіп, ұжымның қызметін республикалық деңгейге жеткізу бағытында жемісті қызмет етіп келеді.

Беделді хирург бүгінге дейін 13 000-ға жуық күрделі операция  жасаған. Білікті маман республикалық медицина орталығында ауыр халдегі науқастарға ота жасап, оң нәтижелерге қол жеткізген. Тіпті бірнеше рет шет елдік әріптестерімен бірге ағза алмастыру оталарын жасап, еліміздің хирургиялық көмек көрсету деңгейін әлемдік дәрежеге көтеруде сүбелі еңбек етуде.

Ибрагим Ташевтің ғалым ретінде 120-дан астам ғылыми-тәжірибелік еңбектері және 10-ға жуық студенттер мен дәрігерлерге арналған әдістемелік құралдары жарық көрген. 20-дан астам жаңалықтар мен өнертапқыштық патенттердің авторы.

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025