Қаржы • 12 Ақпан, 2021

Алынған зейнетақы жинақтарынан жеке табыс салығын қалай төлеу керек?

584 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қымбат ем қабылдауға ақы төлеуге зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану барысында салықтандыру тәртібіне түсіндірме берді. Бұл мақсаттарға біржолғы зейнетақы төлемдеріне салық салудың жеке тәртібі көзделген.

Алынған зейнетақы жинақтарынан жеке табыс салығын қалай төлеу керек?

Жеке табыс салығы (ЖТС) сомасын ұстап қалуды «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) жеке тұлғаның таңдауы бойынша екі тәсілдің бірімен ЖТС ұстап қалу туралы өтініш негізінде жүргізеді:

1) БЖЗҚ уәкілетті операторға аударған кезде - бір рет;

2) БЖЗҚ белгілеген кесте бойынша (зейнетақы аудару басталған келесі айдан бастап) 16 жылдан аспайтын мерзім ішінде ай сайын тең үлестермен жүзеге асырылады.

 

Мысалдар келтірейік:

салымшының жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы =
8 500 000 теңге;

жеткіліктілік шегі = 3 500 000 теңге;

біржолғы зейнетақы төлемі = 5 000 000 теңге (8 500 000 -3 500 000).

 

ЖТС төлеудің 1-тәсілі

есептелген ЖТС сомасы = 5 000 000 (толық көлемде) * 10%= 500 000 теңге;

ұстап қалуға және бюджетке аударуға ЖТС сомасы= 500 000 теңге;

біржолғы зейнетақы төлемі түріндегі кіріс сомасы = 4 500 000 теңге (5 000 000 – 500 000).

 

ЖТС төлеудің 2-тәсілі

есептелген ЖТС сомасы = 5 000 000 (толық көлемде) * 10%= 500 000 теңге;

біржолғы зейнетақы төлемі түріндегі кіріс сомасы = 5 000 000 теңге.

ЖТС зейнетақыдан ұсталатын болады.

«ЖТС ұстап қалудың екінші тәсілін таңдаған кезде (зейнетақыны аудару кезінде кейінге қалдыра отырып) кейінге қалдыруды алғаннан кейін болған жағдайлар бойынша ЖТС ұстап қалу бойынша жекелеген ережелер белгіленген:

- ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен кезде - зейнетақы төлемінің сомасынан бір рет;

- зейнетақы жинақтарының сомаларын сақтандыру ұйымдарына аудару кезінде - зейнетақы төлемінің сомасынан бір рет;

- қайтыс болған жағдайда - мұрагерлермен мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарымен бір мезгілде», - деп МКК-де толықтырды.

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025