Президент • 15 Ақпан, 2021

Қамау орындары мен полиция учаскелеріне толықтай видеобақылау орнатылады

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қамау орындары мен полиция учаскелеріне толықтай бейнебақылау орнатылуы қажет. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парақшасында жазды.

Қамау орындары мен полиция учаскелеріне толықтай видеобақылау орнатылады

«Бас прокуратураның басшылығымен өткен кеңесте азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөнінде бірқатар міндет қойдым. Тергеу барысындағы заң бұзушылықтарды түбегейлі жою керек. Қамау орындары мен полиция учаскелеріне толықтай бейнебақылау орнатылуы қажет», деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, бүгін Қазақстан Президенті ҚР Бас прокуратурасының басшылық құрамымен кеңес өткізді. Оның барысында Президент Қылмыстық кодексті оңтайландыру жөнінде берген тапсырмасын еске салды. Бас прокуратура бұл жұмысты құқық қорғау органдарымен, арнайы мемлекеттік органдармен және Әділет министрлігімен үйлестіре отырып, атқаруы тиіс. Мемлекет басшысының пікірінше, аталған мәселеде қоғам пікірін, қоғам белсенділері мен сарапшылардың ұсыныстарын міндетті түрде ескеру қажет.

«Жедел тергеу аппаратының күшін болмашы құқық бұзушылықтарға жұмсауға болмайды. Қызметкердің жұмысы шаш етектен болған кезде, оған істі рәсімдеп, сотқа жіберген оңай. Ол осыған басымдық береді. Мұндай жағдайда азаматтардың құқықтары мен қылмысқа қарсы нақты күрес екінші орында қалып қояды. Сондықтан елімізде жәбірленушілер тергеушілердің қандай да бір жұмыс нәтижесін айлап күтеді. Тергеу органдарының кәсіби кадрлармен толық қамтамасыз етілмеуі жағдайды ушықтырып жібереді. Прокуратура барлық құқық қорғау жүйесінің қызметін үйлестіруші ретінде мұндай мәселелерге уақытылы мән беріп, әріптестерімен бірге оны шешуі керек»,  деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.



Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25