Аймақтар • 16 Ақпан, 2021

Түркістан облысында жаңа демалыс кешендері салынады

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Төлеби ауданында туризм саласын дамыту бағытында «Қасқасу туристік-рекреациялық кешені» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл мақсатта инфрақұрылым жүргізу үшін биыл облыстық бюджеттен 2 млрд 920 млн теңге қаржы қаралған, деп жазады Egemen.kz

Түркістан облысында жаңа демалыс кешендері салынады

Жоба толық іске қосылса, шаңғы жолдарының ұзындығы 30 шақырымды құрап, бір мезгілде 11 мың адамның демалуына мүмкіндік туады. Сондай-ақ аудандағы Қоғалы ауылдық округінде жеке инвестиция есебінен саумал-сауықтыру кешеніашылмақ. Жалпы құны 200 млн теңге болатынкешеннің сыйымдылығы 100 орын. Онда 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Бұдан өзге, ауданда «Қаратау» ЖШС-ы есебінен инвестициялық құны 200 млн теңге болатын демалыс кешені ашылады. Сонымен қатар, Қасқасу ауылдық округінде «Top resort» ЖШС-ы инвестициялық құны 187 млн теңгеболатын демалыс кешенін салуды жоспарлауда.

 

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Амал мерекесінің айшығы

Мереке • Бүгін, 08:55

«Mangitas» деректен шашау шығармайды

Технология • Бүгін, 08:45

Жасанды интеллектіні меңгеремін десеңіз...

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:35

Шығыстағы сәтті серпіліс

Аймақтар • Бүгін, 08:25

Сапасыз салынған үй сыр берді

Құрылыс • Бүгін, 08:20

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15