
Айта кетейік, Серікбол Қондыбай - географ, өлкетанушы, тарихшы және тұңғыш мифолог. «Маңғыстау географиясы», «Гиперборея түс көрген заман шежіресі», «Есен қазақ», «Қазақ даласы және герман тәңірлері», «Арғықазақ мифологиясы» атты еңбектердің авторы. Ол - Қазақстанда мифтік лингвистикалық мектептің негізін салушылардың бірі. Ол осы жолда мифтік деректер мен мифологиялық нышан-символдарды жүйелеудің әдістемесін және әдіснамасын қалыптастырды. Жарық көрген кітаптар ғылыми көпшілікке, оқырман қауымға және магистранттарға арналған оқулық болмақ.