
Нұрсұлтан Назарбаев пандемия кезінде бұқараға қол ұшын созудың маңыздылығын айтты. Мұқтаж азаматтардың өзегін талдырмау керектігін тілге тиек етті. Ал Бауыржан Байбек «партия бағдарламасына енген жұмыс жоспарының 24 процентін биыл жүзеге асыру көзделіп отыр» деді. Бұл үшін арнайы жол картасы әзірленген екен. Алдағы 5 жылда елге берген уәденің барлығын орындаймыз деп сендірді.