Аймақтар • 01 Наурыз, 2021

Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген

600 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында былтыр 6 886 сәби өмір есігін ашты, алайда 7 577 адам қайтыс болған.

Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген

СҚО статистика департаментінің мәліметінше, былтыр өңірде 6 886 сәби дүниеге келсе, соның 41,5 %-ы Петропавлда туған. Нәрестелердің 3 604-і ұл, 3 282-сі қыз. Демографиялық көрсеткіш бойынша Шал ақын, Ш.Уәлиханов және Ақжар аудандары алда келеді.

Ең төмен бала туу көрсеткіші М.Жұмабаев ауданында. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында 7 577 адам қайтыс болды. Оның 19,8 %-ында тыныс алу мүшелері ауруынан, 14,6 %-ында қан айналымы жүйесі, 8,9 % асқорыту мүшелері ауруларынан және 7,6 %-ында қатерлі ісіктен көз жұмған.

Жазатайым оқиғалардан, жарақаттану мен уланудан қайтқандардың үлесі – 7,5 %. Жалпы былтыр 2 932 неке қиылған, бұл – 2019 жылмен салыстырғанда шамамен 15 %-ға төмен. 860 отбасы ажырасқан.

Өткен жылы СҚО-ға 6 061 адам көшіп келді. Бұл, мамандардың айтуынша, 2019 жылмен салыстырғанда 23,4 %-ға төмен. Көшіп кеткендер саны да 24,7 %-ға төмен болғанымен, өңірден 10 446 адам қоныс аударған. Соның ішінде ел ішіндегі миграция 2 627 адам.

Ал сыртқа, көп жағдайда ТМД елдеріне көшеді екен. Соның ішінде негізінен Ресейге кетіп, осы көрші елден қоныс аударады. Әлемнің басқа елдеріне облыстың 237 тұрғыны көшіп кеткен. Тұрақты тұру үшін 80 адам келген. Эмиграция елдері негізінен – Польша мен Германия. Көшіп кеткендердің 95,8 %-ы осы мемлекеттерге тиесілі. Ал келгендердің 67,5 %-ы Қытай мен Моңғолиядан қоныс аударған.

Басқа өңірлерден 5467 адам келіп, 8094 адам кеткен. Келіп-кетушілердің негізгі үлесін Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы алады. Осылайша, СҚО тұрғындарының саны бүгінде 543,7 мың адам.

 

Соңғы жаңалықтар

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Шаруашылық • 25 Қазан, 2025

Географиясы Гиннеспен өлшенген

Қазақстан • 25 Қазан, 2025

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • 25 Қазан, 2025

Креативті кітапхана ашылды

Кітапхана • 25 Қазан, 2025

Ірімшіктен балмұздақ жасады

Қоғам • 25 Қазан, 2025

Бәсі жоғары дода

Спорт • 25 Қазан, 2025

Мүмкіндігі мол мегаполис

Алматы • 25 Қазан, 2025

Зияткерлік байқау

Байқау • 25 Қазан, 2025

«Оян, қазақ!» авторына құрмет

Білім • 25 Қазан, 2025

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • 25 Қазан, 2025

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • 25 Қазан, 2025