Заң • Бүгін, 09:45

Қазақстанның сайлау заңнамасы қалай өзгереді?

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанда құқықтық жүйені ауқымды жаңғырту жұмысы жалғасып жатыр. 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция ел заңнамасын түбегейлі қайта қарауға жол ашты. Соған сәйкес негізгі заңның жаңа нормаларына бейімдеу мақсатында конституциялық заңдар кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның сайлау заңнамасы қалай өзгереді?

Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңды жаңа конституциялық модельге сәйкестендіру болды. Бұл өзгерістер елдегі саяси жүйенің жаңаруымен және мемлекеттік басқару құрылымының өзгеруімен тікелей байланысты.

Парламенттің бір палаталы модельге көшуі және депутаттарды пропорционалды сайлау жүйесі арқылы іріктеу бұрынғы сайлау заңнамасын толық қайта қарауды талап етті. Себебі қолданыстағы құқықтық база екі палаталы парламент жүйесіне негізделген болатын. Сондықтан заң жобасында ескірген нормаларды алып тастау және жаңа саяси құрылымға бейімдеу көзделді.

Атап айтқанда, Сенат пен Мәжіліс депутаттарын сайлауға қатысты ережелер қайта қаралып, өкілді билікті қалыптастырудың жаңа тетіктері енгізілді. Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясы мен аумақтық сайлау комиссияларының өкілеттіктеріне өзгерістер енгізіліп, олардың қызметі жаңартылған мемлекеттік басқару жүйесіне бейімделді.

Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты

Заңнаманы жаңарту жұмыстарының басты мақсаты – сайлау үдерісінің құқықтық негізін жаңа Конституциямен толық үйлестіру, мемлекеттік институттардың өзара байланысын күшейту және елдегі саяси реформалардың тиімді жүзеге асуына жағдай жасау.

Құқықтық реформалардың маңызды бағыттарының бірі – Қазақстан Республикасының Конституциялық сотының қызметін жетілдіру. Конституциялық сот ел аумағында Негізгі заңның үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган ретінде жұмыс істейді.

Қазіргі таңда Конституциялық соттың құрамына Төраға мен он судья кіреді. Судьяларды Мемлекет басшысы Құрылтайдың келісімімен тағайындайды, ал сот төрағасын Президент дербес бекітеді. Бұл тетік кадрлық шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Судьялардың тәуелсіздігін сақтау үшін қол сұқпаушылық институты қарастырылған. Судьяны ұстау немесе жауапкершілікке тарту Президенттің немесе Құрылтайдың келісімімен ғана жүзеге асады. Сондай-ақ жедел-іздестіру шараларын жүргізуге Бас прокурордың арнайы санкциясы қажет.

Жаңа Конституция: Елдің саяси жүйесі қалай өзгереді?

Соңғы жаңалықтар

Алматыда дәмхана отқа оранды

Төтенше жағдай • Бүгін, 09:13