Спорт • 07 Наурыз, 2021

Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді

415 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Өзбекстанның астанасы – Ташкентте өтіп жатқан Grand Slam турнирінің екінші күні Жансай Смағұлов өз жанкүйерлерін қуантып, күміс медальді иеленді.

Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді

73 кило салмақ дәрежесінде күрескен Жансай Смағұлов бастапқы бәсекелерде ол ұлыбританиялық Эрик Хэм, швейцариялық Нилс Стамп және Мұратжан Юлдашевті ұтып, жартылай финалда армениялық Фердинанд Карапетянды қапы қалдырды. Финалда қандасымыз Ценд-Очирин Цогтбаатармен күш сынасты. Бұл бәсекеде Моңғолияның балуаны басым түсті.  Сөйтіп, Жансай күміс медальді олжалады.

Өкінішке қарай, Аңсарбек Ғайнуллин (73 кило), Дидар Хамза (81 кило), Руслан Мұсаев (81 кило) және Иоланта Бердібекова (63 кило) сынды дзюдошыларымыз екінші және үшінші айналымдардан аса алмады.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше