
Ер адам таныс әйелдің үйінде жасырынып, спирттік ішімдіктер ішіп отырған кезінде ұсталды. Қазір ол уақытша қамау изоляторында. «Іздеудегі адам түрлі қылмыс жасағаны бірнеше рет істі болған. Оған Қылмыстық кодекстің 44-бабы - «Бас бостандығын шектеу» бойынша шартты жаза берілген, алайда ол жазаның талаптарын орындамай қашып кеткен. Енді жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Жыл басынан облыс аумағында 4 қылмыскерге іздеу жарияланды, оның 2-уі ұсталды. Бұдан бөлек Қазақстанның басқа өңірлері үшін 3 қылмыскерді ұстады, соншама РФ үшін де ұсталды», - деді СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Назаров.