
Алматының Орталық стадионында «Қайрат» Талдықорғанның «Жетісуын» қабылдады. 40 минуттан аса уақыт бойы бір ойыншысы кем болғанына қарамастан алаң иелері жанкештілік танытып, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл голдардың авторлары – Небойша Косович (69-минут) пен Гүлжігіт Әліқұлов (72-минут).
Түркістанда «Тұран» мен «Астана» күш сынасты. Бәсеке барысында қонақтар екі мәрте алға шыққанымен, жергілікті футболшылар екі ретінде де таразы басын теңестірді. Есеп – 2:2. Елордалық клубтың сапында Марин Томасов (9-минут) пен Абзал Бейсебеков (54-минут) мергендік танытса, түркістандықтардың құрамындағы Таңат Нөсербаев (18 және 68-минуттар) дубль авторы атанды.
Ал «Атырау» өз алаңында Қарағандының «Шахтерінен» 0:1 есебімен ұтылып қалды.
Жексенбіде «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қызылжар» (Петропавловск), «Каспий» (Ақтау) мен «Ақтөбе», «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақжайық» (Орал) және «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тараз» шеберлік байқасады.