24 Сәуір, 2010

ҚАРАҒАНДЫ ЖАСАНЫП ЖАТЫР

672 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бұл күнде өндірісті өңірдің қа­ла­лары мен елді мекендері кел­ген көктем көркімен бірге жа­ра­сып, сәнденген жастай жаса­нып, жаңару үстінде. 15 наурызда бас­та­лып кет­кен үш айлық көшелер­ді, аулалар­ды, саябақ­тарды ажар­лан­дыру, көгалдан­дыру акция­сының қор­шаған ортаға әсерінің әдемі көріністері барған сайын байқалып келеді. Осыған орай өткен бірінші сенбі­ліктен соң айнала тіпті әдеміленіп сала берді. Оған 200 мыңға жуық адам бір кісідей белсенділікпен қатысты. Жаңадан отырғызылған 66 мың ағаш көшеті күні ертең-ақ жапы­рақ жайып, тыныс кеңейтіп тұра­тын болады. Қысқы күл-қоқыстан тазарған төңірек айнадай жарқы­рап қалды. Биылғы көктем Қараған­ды­дағы Жеңіс саябағы келбетін сән­дендіре түсті. Мұнда алыстағы Бельгиядан арнайы әкелінген шыршалар бой көтерді. Теміртау, Жезқазған, Балқаш, Сәтбаев қалаларында да әдеттегі қараағаш, теректер орнына Қарқаралының, Көкшетаудың қарағайлары тамыр жайды. Ортаны көркейту, тазарту мұнымен аяқталған жоқ. Бұл жүмыстар мамырдың аяғына дейін жүргізіледі. Айқын НЕСІПБАЙ. ҚАРАҒАНДЫ.
Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше