Аймақтар • 29 Наурыз, 2021

Шымкентте инвестициялық штаб құрылды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында инвестициялық жобаларды жедел түрде қарап, инвесторларға жан-жақты қолдау көрсететін қала әкімінің басшылығымен инвестициялық штаб құрылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Шымкентте инвестициялық штаб құрылды

Штабтың міндеті – инвестор үшін ерекше жағдайларды қамтамасыз ету бойынша нақты шешім қабылдау.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов төрағалық ететін штаб құрамына қалалық басқармалар, аумақтық департаменттер мен монополистер кіреді. Әр жұма сайын өтетін штаб отырысында, инвесторлармен zoom платформасы арқылы байланыс орнатылып, әкімшілік кедергілерді жою, қолайлы жағдай орнату және үйлестіру жұмыстары жүргізіліп отырады.

Жалпы қала экономикасы үшін денсаулық, тұрғын үй, қайта өңдеу өндірісі мен агроөнеркәсіптік кешен секілді базалық секторларға инвестициялар тартуға ерекше назар аударылып отыр.

Айта кетейік, Шымкентте кәсіпкерлікке қолдау көрсетіліп, инвестиция тартуға басымдық беріліп отыр. Соның нәтижесінде өткен жылы инвестиция көлемі 41 пайызға өсіп, 278,5 млрд.теңгеге жеткен. Ал, алдағы бес жылда қалаға барлық бағыттар бойынша 3,7 трлн. теңгені құрайтын инвестиция тарту жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03