
«Былтыр тамыз айының басында вакцинаны салдырған едім. Жалпы, жеке өз басым жыл сайын екпе қойдыратын адамдардың санатынанмын, яғни тұмауға қарсы екпені қабылдап жүрмін. Өткен жылы үш вакцина алдым, соның бірі – отандық QazVac. Вакцинаға, ғылымға сеніммен қарауға шақырамын», деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.