
Тағы 4 кісі жарақат алды. Бұл жолы оқыс оқиға Брайан қаласындағы жиһаз жасайтын фабрикаға қарасты кеңседе болған. Адамдарға оқ атқан осы өндіріс ошағының қызметкері. Күдікті қылмыс жасай салып, оқиға орнынан қашып кеткенмен, көп кешікпей ұсталды. Бірақ полиция оның аты-жөнін әлі жариялаған жоқ. Қылмыскердің мұндай әрекетке не үшін барғаны да беймәлім. Қазір тергеу жүріп жатыр.