Футбол • 04 Маусым, 2021

Бауыржан Байтана: Ұлттық құраманы алға жетелейтін кезім келді

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Македония – Қазақстан ойыны алдында Бауыржан Байтана баспасөз мәслихатында тілшілер сауалына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Бауыржан Байтана: Ұлттық құраманы алға жетелейтін кезім келді

- Ең алдымен, ұлттық құрамаға оралғаныма қуаныштымын. Кезінде шақырту алып, дұрыс ойнай алмаған едім. Ол кезде жарақаттарым да әсерін берді. Өткен жылдан бері «Таразға» оралып, өзімнің ойынымды таптым. Қазір бабыма келіп үлгердім деп те айтуға болады. Десе де, әлі де болса дамуым керек. Өз-өзіммен жұмыс істеп, физика мен техникалық тұрғыда жеке жаттығып жүрмын. Күні кеше ғана үшінші балам дүние есігін ашты. Ес біліп, ақыл тоқтатқан шағым шығар деп ойлаймын. Сондықтан да, енді бар күшімді футболға саламын. Ұлттық құрамада ойнау кез-келген футболшының арманы ғой. Сондықтан да, осы жолы ұлттық құраманы алға сүйреп, жеңістерге жетелеймін деген ойдамын, - деді футболшы.

Соңғы жаңалықтар

Елге сенімі жоғары

Қоғам • Кеше

Мұратану мұраты

Ғылым • Кеше

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • Кеше

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • Кеше

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • Кеше

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • Кеше