Оқиға • 10 Маусым, 2021

Ұрылар пойыздағы жолаушының 117 миллион теңгесін ұрлап кеткен

2645 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай-Алматы бағытымен келе жатқан жолаушы өзімен бірге 117 миллион теңге салынған сөмкесін алып жүрген. Сөмкені қолды қылған ұрылар оларды полиция ұстағанша екі автокөлік сатып алып үлгерген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұрылар пойыздағы жолаушының 117 миллион теңгесін ұрлап кеткен

«31 мамырда 22 жастағы жолаушы Қостанай-Алматы бағытындағы пойызбен келе жатып, өзімен 116 миллион 900 мың теңге алып жүрген. Ол еш күдіктенбей кешке ұйықтап жатқан, алайда түнде Жақсы бекетінде оянған кезінде ақшаның жоғын түсінген», делінген хабарламада.  

Жәбірленуші батальон қызметкерлерінен көмек сұраған. Департамент қызметкерлері жедел тергеу тобын құрып, іздеуді бастады. Теміржол көлігінің барлық нысаны, сондай-ақ жақын орналасқан елді мекендер тексерілді.

Полиция қызметкерлері пойыздың барлық қызметкері мен жолаушысынан сұхбат алды. Нәтижесінде күдіктінің фотороботы жасалды.

«8 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының көлік полициясының қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен үш адамды анықтап, ұстады. Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізілді, оның барысында 12,6 миллион теңге және 198,5 мың доллар тәркіленді.

Күдіктілер ұрланған ақшаның бір бөлігін қылмыс жасалғаннан кейін бірден екі көлік сатып алған», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25