Қоғам • 10 Маусым, 2021

Қазақстанда көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы қабылданады

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бері 7 мыңға жуық адам қандас мәртебесіне болды. Былтыр елімізге 13 мың этникалық қазақ қоныс аударған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы қабылданады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі келтірген мәлімет бойынша, тарихи отанына қайтып келгендер бүгінде халықтың алты процентін құрап отыр. Яғни, тәуелсіздік жылдары бір миллионнан астам қазақ атамекеніне оралған. Еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету мақсатында биыл 1 234 қандас Павлодар, 654-і Солтүстік Қазақстан, 700-ден астамы Шығыс және Қостанай облыстарына орналастырылды.

Мәлім болғандай, құзырлы ведомство көші-қон процесін тиімді жүргізу мақсатында 2026-шы жылға дейінгі Қазақстанның көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын қабылдамақ. 

«Төрешілдік пен әуре-сарсаңға салынбас үшін қандастарға мемлекеттік қызмет көрсету кезінде барлық рәсімдер бір терезе қағидаты бойынша іске асырылатын болады», деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше