Аймақтар • 11 Маусым, 2021

Шымкентте білім ошағында «SOS дабыл батырмасы» орнатылды

683 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру мекемелеріндегі  қауіпсіздік шараларын барынша күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Шымкентте жауапты мекемелер пилоттық жоба әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте  білім ошағында «SOS дабыл батырмасы» орнатылды

Шымкент қаласының Полиция департаментіне қарасты жедел басқару орталығы, Цифрландыру басқармасы мен IDC компаниясы бірлесе шаһардағы №83 жалпы орта мектепте пилоттық режимде интеграцияланған дабыл батырмасын орнатты.

Бұл «SOS дабыл батырмасы» білім ошақтарындағы оқушылардың қауіпсіздігін нығайту  мақсатында орнатылған. Пилоттық режимде іске қосылған батырма екі бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлігінде эвакуациялау жоспары экранда көрсетіледі, төменгі бөлігінде дабыл батырмасы мен микрофон тұрады. Мектепте орын алған кез-келген төтенше жағдайда батырманы басқан кезде, аталған төтенше жағдай бойынша дабыл қағылады. Мәлімет жедел басқару орталығына немесе мектеп операторына келіп түседі. Дабылдан кейін жедел көмек түрі ұсынылады.

«SOS дабыл батырмасы» пилоттық жобасын қаладағы барлық мектепке орнату жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше