Аймақтар • 11 Маусым, 2021

Павлодар облысындағы жағажайлар 15 маусымнан бастап ашылады

606 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарлық жағажайларда шомылу әлеуметтік қашықтықты сақтауға жеткілікті орын болған кезде рұқсат етіледі. Суға шомылу маусымы кезінде жағажайларға шезлонгтар, киім ауыстыратын орындар және басқа да жабдықтар болуы керек, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысындағы жағажайлар 15 маусымнан бастап ашылады

«Павлодар облысында 15 маусымнан бастап суға шомылу маусымы ашылады», деп хабарлады санитариялық-экпидемиологиялық бақылау департаментінен.

Жағажайларда шомылу әлеуметтік қашықтықты сақтауға жеткілікті орын болған кезде рұқсат етіледі. Бұл ретте жағажайлық жабдықтар (шезлонгтар, киім ауыстыратын орындар, аяқ жуатын жабдықтар және т.б.) орналастырылуы керек. Олардың сигналдық белгілері, шектеу кедергілері мен ленталары болуы маңызды.

Бұл туралы аймақтық СЭБД және төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, басқарманың орман шаруашылығы және су ресурстары бөлімі басшысының қатысуымен өткен брифингте айтылды.

«Демалыс аймақтарындағы жабық ғимараттарда ауаны залалсыздандыру кварц, бактерицидті лампалар көмегімен және ауаны рециркуляциялау арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Бұл – осындай нысандардың қызмет етуінің міндетті талабы», деп қосып өтті эпидемиологтар.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше