Футбол • 24 Маусым, 2021

«Астананың» алғашқы жеңілісі

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері футболдан Қазақстан чемпионатының 16-тур ойындары өтуде. Бірінші жарыс күніндегі үш бәсекенің екеуі тең есеппен аяқталса, біреуінде жеңімпаз команда анықталды.

«Астананың»  алғашқы жеңілісі

Елордадағы «Астана Арена» стадионында өткен кездесуде «Астана» Шымкенттің «Ордабасы» клубын қабылдап, 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Бәсеке тағдырын шымкенттік ұжым бірінші таймның 24-минутына дейін шешіп тастады. 22-минутта «Ордабасы» сапынан Бағдат Қайыров есепті ашса, 24-минутта биылғы біріншіліктің үздік сұрмергенінің бірі Жоау Паулу есепті еселеп, ойынның нүктесін қойды. Бұл – «Астананың» биылғы чемпионаттағы алғашқы жеңілісі.

Кейінгі екі матчта 1:1 есебі тіркелді. «Шахтер» сырт алаңда «Атыраумен» ұпай бөліссе, «Ақтөбе» өз алаңында «Қызылжарды» жеңе алмады. Қалған кездесулердің қалай өрбігенін газетіміздің келесі санында баяндайтын боламыз. 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25